Өлең, жыр, ақындар

Ақжайықтың бетінде ай екеуміз…

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 528
Қайық шөлдеп қарбытып толқын жұтты,
Ақжайықтың бетінде ай екеуміз.
Оттан қашып хош көрген салқындықты,
Бірімізге біріміз сай екенбіз.

Қалқып жүрген көз салып суретіне,
Айдың созған сүт қолын қайтармаймын.
Қайық жазған жазуды су бетіне,
Оқып шықтым ішімнен.
Айта алмаймын!

Тамшылардың көзінде сұрақ қалған,
Ағыспенен жарысқан , қиял қандай.
Жағалауда самсыған шырақтардан,
Жапырақтарың жанары ұялғагдай…

Исін сездім балдырдың өзін көрмей,
“Хош келдің!”деп тұрғандай су астынан.
Қандай ғажап мынау шақ Жайық мені,
Теңізбенен айменен ұластырған.

Толқын келіп шаймаса құм да жүдеу,
Қалатындай үзіліп арман əні.
Қайта-қайта сүңгиді суға біреу:
“Ақжайыққа көп болды бармағалы!”

Ағып кетсем Каспиге апарады,
Толқын сенің ырқыңа қалай көнсем?!
Қайтайықшы ай үйге,
Бұдан әрі,
Бас айналар төменге қарай берсең!!

Ақжайықтың бетінде ай екеуміз…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәлкім

  • 0
  • 0

Қуанышым құлдилайды еңіске,
Бұрымымдай иығымнан құлаған.
Мөлдір әлем кіргізбейді мені ішке,
Келмегелі көптен күткен бір адам.

Толық

Қалжың

  • 0
  • 0

Сені кеттім сағынып (бірақ қалжың),
Ойлап жүрмін сабылып (бірақ қалжың)
Құс жастық қып қалжыңды жастанып ап,
Ептеп-ептеп ақырын сыр ақтардың.

Толық

Жаралмапсың

  • 0
  • 0

Сағыныш пен өкінішті өңгеріп,
Келе жатқам ой меңдетіп сенделіп.
Жұбатпады мені арзан шаттықтар,
Жаралмапсың жұбатуға сен келіп.

Толық