Сенім серті – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сенім серті» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 590
Қымбат жүзік алқа моншақ сыйлама,
Бақтарды да қыдыртам деп қинама.
Қошаметпен қарсы алам деп өзгеше,
Маңайыңа достарды да жинама.

Сағынышты жеңемін деп көп ішпе,
Көрінгенмен сырыңды да бөліспе.
Алақайлап қол соғып та қуанба,
Үнсіз қоста жетіп жатсам жеңіске.

Орама да үлде менен бүлдеге,
Күмәнді ойға күдік қосып кірлеме.
Сағындым деп айта көрме тіпті сен,
Ештеңе айтпа, керек болса үндеме.

Ұзақ түнде көз ілмеген кезіңде,
Өткенді еске ал, өз тізгінің өзіңде.
Сезімдерді жеткізуге сөз керек,
Сөз не керек жетіп тұрған сезімге?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенім серті өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сенім серті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенім серті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенім серті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері