Досыма – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Досыма» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 843
Гүл жамылып тұрса да төңірегі,
Мынау қала елсіздей көрінеді.
Тым болмаса досым-ау бір келіп кет,
Өзің келмей табылмас көңіл емі.

Жан сарайдан төгесің жарығыңды,
Жаны сырлы жан едің әні мұңлы.
Сен кеткен соң талықсып сар даладай,
Ішке бүгіп жатамын жалынымды.

Тас бұлақтай кеудеңде жатқан дарын,
Сырласумен атып ед ақ таңдарым.
Сен болмасаң таулардың қыртысындай,
Жанымның кімге жаям қатпарларын?

Өзге жандар кетсе де толып маңға,
Сені іздеймін жабығып торыққанда.
Жыл аралап сезінем жолыққандай,
Күн аралап өзіңе жолыққанда.

Гүл жамылып тұрса да төңірегі,
Мынау қала елсіздей көрінеді.
Жадыраған күлкіңмен аластап кет,
Өзің келмей табылмас көңіл емі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Досыма өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Досыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Досыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Досыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері