Ағаш кескенде – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ағаш кескенде» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 566
Көз алдымда түтін менен сол ұшқын,
Қасіретін еске салып соғыстың,
Кесті тірі аңыратып ағашты,
Кеңітуге жүретұғын жол үстін.
Жапырағынан жанбайды енді шамшырақ,
Жапырағына қарамаймын хал сұрап.
Ажал тауып жүзінен қол араның,
Ардагердей құлап жатыр қансырап.
Күрсінгендей мейірімге шөлдеп күн,
Тағдырына ортақтасып жер-көктің.
Жапырақтарын зар жылатып біреулер,
Қолыменен қиып жатыр жендеттің.
Жапырақ — қозы көгенделген желіге
Уақыттың жамыраған желіне.
Жолын біреу кеңейтем деп бір күні
Қиып шетке тастар ма екен мені де?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағаш кескенде өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ағаш кескенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағаш кескенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағаш кескенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері