Ел қамын жеген ұлмын – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Ел қамын жеген ұлмын» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Ел қамын жеген ұлмын,
Түскенше жағым қашан.
Қарайып неге жүрмін,
Халқыма танылмасам?!
Заманның ағымына
Алаңдап, мұңдаспасам.
Дәуірдің дабылына
Не болам үн қоспасам?!
Елімнің жарлығына
Ой-пікір ойыспаса.
Халқымның зар-мұңына
Қабырғам қайыспаса.
Өмірдің дерегіне
Тамсанып, табынбасам.
Ақын боп керегі не,
Ағымнан жарылмасам?!
Шуағын себердей Күн,
Ашылар бағым қашан.
...Көктемде көгермеймін,
Қыста қар жамылмасам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ел қамын жеген ұлмын өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Ел қамын жеген ұлмын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ел қамын жеген ұлмын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ел қамын жеген ұлмын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері