Менің шашым – қара орман – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Менің шашым – қара орман» атты Серік Тұрғынбеков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1042
Менің шашым – қара орман,
Екі көзім – мөлдір көл.
Мұрным тау боп жаралған,
Аузым – зындан, тіс – қақпақ.
(Болмасаң да ұқсап бақ).
Қос құлағым солардың
Қатар қойған тыңшысы.
Кеуде деген аралдың
Жүрек болған сыншысы.
Екі қолым жасқайды,
Екі аяғым бастайды.
...Қара орманды бу алар,
Айдын көл де суалар.
Мұрын-тауды жел мүжір,
Екі қол да қымсынар,
Екі аяқ та сырқырар.
Бәріне де бұл жүрек –
Төзіп болған құдірет!
Ауыз деген зынданды
Айтшы сонда, кім ашар?!
Қайран, қызыл тіл ашар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің шашым – қара орман өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Менің шашым – қара орман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің шашым – қара орман өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Менің шашым – қара орман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері