Уақыттың бабын таппай – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Уақыттың бабын таппай» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 676
Заманның сиқын кеше күлкі етіп ем,
Шошиын дедім бүгін сүрпетінен.
Сілкініп жүре берді шыр айналам,
Сәл ғана сынған шидей сырт етіп ем.
Қояндай көлеңкемнен үркетін ем,
Ауылдың ит үрсе де бір шетінен.
Тып­тыныш теңіз тулап қоя берді,
Тамшыдай аунап түскен бүлк етіп ем.
Тажалы оянғандай зіл­заланың,
Ашпайды ашуланған күн қабағын.
Тырсылдап терісіне сыймай тұрған
Уақыттың бабын таппай зыр қағамын.
Әлемді түк түсінбей аңырайған,
Бір дүлей жайпап жатыр бадырайған.
Жарылып кетер ме екен мына өмірдің
Тамыры шекесінің адырайған?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақыттың бабын таппай өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Уақыттың бабын таппай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уақыттың бабын таппай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уақыттың бабын таппай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері