Танысым – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Танысым» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 854
Сағынған сәттерде жүректен қан идім,
Кезіккен күніме несіне налимын?
Өзіңді дәл бүгін көрсем де,
Мен сені бұрыннан танимын!
Қол жайып өзіңді тіледім,
Таныспа менімен, мен сені білемін!
Күрсіне қалсаң сен, қапелім,
Соны да сезетін жүрегім.
Айтпағын келдім деп жырақтан,
Өттім деп өлшеусіз сынақтан.
Мен жаққа асыққан жоқсың сен,
Сол үшін шынымен ұнатқам.
Тере алмай тірліктен керегін,
Сен жаққа асыққан мен едім.
Көрмегем, алайда танимын,
Ұқпадым осының себебін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Танысым өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Танысым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Танысым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Танысым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері