Стихия – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Стихия» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 791
Таныдың ба?
Таныдың ғой, білемін!
Кеше ғана өрттен қалған Күл едім.
Гүл боп қайта түледім.
Енді өзіңді өртеу – менің тілегім.
Ынтығасың...
Жұпар жұтқың келеді!
Есіңде жоқ өртегенің, себебі!
Түсінбеп ем, – тұрған жерім қай алап?
Мезет сонда таң ба, әлде кеш пе еді?
Мөлдір-мөлдір көз жасымды
алақаныммен аялап,
Өртке сепкем...
Өшпеді!
Сыныққанат Жаныңды алып,
Желмен ұшып келдің бе?
Жалаңдаған жалынды
Алып
Санамаймын мен мүлде!
Күйкі әлемге қабағымды бір
Шытпай,
Күйдірейін,
Көзіңнен жас ыршытпай!
Күліп тұрып – өртен, егер, өр болсаң!
Біліп тұрып, түтін жұттым, тұншықпай...
Сол баяғы өлеңді оқы таң қылып,
Бірінші рет естігендей, паң күліп
Тұра берем,
Ту сыртыңнан
Сені шала жандырып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Стихия өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Стихия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Стихия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Стихия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері