Алланың жүзі ғана – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Алланың жүзі ғана» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 799
Пенденің қарекеті тұрмыстағы –
Аумаған тасбақаның тырмысқаны.
Алдыңда дайын тұрар қайда барсаң,
Терінің сен илейтін бір пұшпағы.
Қашпайды ырыздығың бұйырған бір,
Пұшпақтың қолға тиген иін қандыр.
Ойлама толастамас, тоқтамас деп,
Төбеңнен көк нөсердей құйылған нұр.
Дәуренің алтын емес тозбайтұғын,
Шоқ емес үрлей берсең қоздайтұғын.
Күлкіден көбік шашқан көңілге де
Кез келер күзгі желдей боздайтұғын.
Тірлік жоқ күн мен түндей алмаспайтын,
Пәле жоқ жердегіге жармаспайтын.
Көктегі ғайып құсы төмен түспес,
Алланың жүзі ғана шаң баспайтын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алланың жүзі ғана өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Алланың жүзі ғана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алланың жүзі ғана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алланың жүзі ғана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері