Ұлы қайғы – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ұлы қайғы» атты Несіпбек Айтұлы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Өмір өтті арпалыспен, тартыспен,
Кездерім көп артық кеткен, кем түскен.
Бабалардан маған дейін ұласқан,
Қайғым ұзақ ұзын аққан Ертістен.
Қасіреттен қаны қайнап қарайған,
Күн астында күңіренген талай жан.
Бізден асып болашаққа жалғасар,
Қалған қайғы Әлішерден, Абайдан.
Ұлы қайғы жанымды жеп жегідей,
Жеті түнде ұлиды кеп бөрідей.
Тірлігіме сонда қатты налимын,
Иттің тісі жырымдаған терідей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы қайғы өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұлы қайғы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы қайғы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұлы қайғы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері