Үзілген ән жалғассын
Махаббат әні үзілді,
Көңілге қоңыр күз келді.
Сыздатып баяу ауыртар.
Шаншып бір өтер жүректі.
Аяқталды бұл бір ән,
Жаным жараланған.
Қыстың бір күніндей,
Аязы мен боран қысқан.
Үзілген ән жалғассын,
Көктемдей жаның құлпырсын.
Мәңгі болсын махаббат,
Лауласын, оты сөнбесін.
Ғашық болған сәттерде,
Жадырайсың, жайнайсың.
Жүректің өзі гүлденер,
Жарқыраған жаздайсың
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі