Ақ сауыт – ақ көйлегің – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ақ сауыт – ақ көйлегің» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1007
(Әкім Таразиге)

Жылдардың артқа тастап сан белесін,
Жақсы аға, алға тартып сен келесің.
Киелі қара сөздің қуатымен,
Халқыңа қысылғанда дем бересің.
Байқасам, қол жетпейтін шыңда тұрсың,
Жақсыға ұлтын сүйген шын жақынсың.
Ақ сауыт – ақ көйлегің, қалам – найза,
Қорғаған ел намысын бір батырсың.
Бой емес, ойыменен асқан аға,
Сайындар саған бекер дос бол ма?!
Қасында Бәйтеректің тебіреніп,
Отырсың тілекші боп Астанаға!
Жаныңды салып талай от­-жалынға,
Есейген азаматсың ат жалында.
Түйіліп тұрымтайдай жыр оқиын,
Тойланып жетпіс бесің жатқанында!
Жетелер сүріндірмей сөзімді алға,
Бұл інің сасқан емес өзің барда.
Қоясың сауырыма қамшы басып,
Бауырым жүйрік аттай жазылғанда.
Асықпай маң­-маң басқан маңғаз аға,
Ұқсайды тектілігің ханзадаға.
Жүрмейсің жамандармен істе қатар,
Түрмейсің құлағыңды даңғазаға.
Қаламы ойдан ұшқын жарқылдатқан,
Өзіңді етер туған халқың мақтан.
Таязға сыр алдырмас тұңғиықсың,
Түбінде ат басындай алтын жатқан.
Жалт етіп көрер еді мұны бірден,
Жан болса жүрегіңе шын үңілген.
Көп жаман қайдан білсін аз жақсыны,
Сыртынан бірі сатып, бірі күлген!?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ сауыт – ақ көйлегің өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақ сауыт – ақ көйлегің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ сауыт – ақ көйлегің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ сауыт – ақ көйлегің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері