Іңкәр өмір – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Іңкәр өмір» атты Несіпбек Айтұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1503
Шағаладай шалқып,
Аққу-қаздай қалқып,
Қонасың қай көлге,
Сайран көңілім?
Соққан желдей заулап,
Аққан судай аунап,
Барасың қай жерге,
Қайран өмірім?

Қайырмасы:
Күн шуағын төккен,
Ай сәулесін сепкен,
Ғажап едің неткен,
Жарық дүние?
Сағындырып көптен,
Қайда көшіп кеткен,
Жайнаған жас көктем,
Жасыл дүние?

Қайырмасы.

Иегіңді созып,
Шапқанменен озып,
Шығасың қай белге,
Тұлпар көңілім?
Тағдырға таң қалып,
Қара көзің талып,
Тынасың қай жерде,
Іңкәр өмірім?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іңкәр өмір өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Іңкәр өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іңкәр өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Іңкәр өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері