Пианино сөйлеп кетті қазақша – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Пианино сөйлеп кетті қазақша» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1843
(Гауһар Сұлтановаға)

Күйсандықтың кереметі Гауһарды
Тыңдаған жан сиқырлы үнге тамсанды.
Нұрғисаша шалқып, толқып, тебіреніп,
Әр дыбысқа қанат байлап жан салды.
Президенттік әйгілі өнер залында,
Ұқсады әуен маздап жатқан жалынға.
Сұлу саздың тың тасқынды теңізі
Құйқылжыды мың­мың тармақ сарында.
Әр шығарма дәл келтіріп ағынын,
Сейілтеді сары белде сағымын.
Сым саусақтар дәл басады ән үнге,
Қосақтайды өз бойында жан үнін.
Ойлы кейпі күле қарап жайдары,
Аққұба қыз күймен жігер қайрады.
Еуропаны әкелгендей көшіріп,
Шопен Листің желісінен таймады.
Асау жүрек жанартауы қайнады,
Сұлу саздың жарқыл қақты айдары.
Чайковскийше аққуларды билетсе,
Бипыл­типыл сыңғыр өсті жайдары.
Моцарт, Вагнер Сарыарқаны жайлады,
Мұқан ағам Көкшеге ат байлады.
Дина апамыз ақ батасын бергендей,
Гауһар атты жаңа жұлдыз жайнады.
Пианино шапағат шашты нұрлы үні,
Толқып жатты әсем әуез гүл­гүлі.
Тыңдаушылар «Браво!»­лап қол соғып:
«Міне, – деді, – жаңа заман дүлдүлі!»
Музыкаға мен де муза жалғадым,
Үкілі үнге жалау тікті назды ағын.
Аспанымда жаңа жұлдыз жарқ етсе,
Ата болып ақ батамды арнадым.

2005.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пианино сөйлеп кетті қазақша өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Пианино сөйлеп кетті қазақша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пианино сөйлеп кетті қазақша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пианино сөйлеп кетті қазақша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері