Еркеғалидың монологы – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Еркеғалидың монологы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 917
Жер құтты біздер жаралған,
Тел өстім дала желімен.
Аққуға қарап таранған
Ән тердім Балқаш көлінен.
Тайпала басып қаптаған
Толқында күйшіл дарын бар.
Жарқ етсе суда ақ сазан,
Жігері сөнбес сарын бар.
Сайраса сайда тотықұс,
Оралар көзге ақ маңдай.
Домбыра шертем асығыс,
Махаббат тілін тапқандай.
Үйрендім үнсіз тосуды,
Өкініш бар ма, наз бар ма?
Сол кезде сәулем қосылды
Сағыныш толы саздарға.
Қоңыр қаз өтсе қаңқылдап,
Балқытты жүрек тескені.
Жаныма болды балқұндақ
Балқаштың балғын кештері.

14.02.2009


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еркеғалидың монологы өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Еркеғалидың монологы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еркеғалидың монологы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еркеғалидың монологы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері