Ұятты беттен лақтырып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ұятты беттен лақтырып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 514
Ұятты беттен лақтырып,
Көруге бәрін көнген көз.
Астына сәтте-ақ ат мініп,
Ақылды айғай жеңген кез...
«Аярға» жұмақ бұл жалған,
Тамұққа түсіп тас тұлға.
Үгіліп таулар құм болған,
Уақыттың аяғы астында.
Өсек ит, әне, қалды үріп,
Қойған соң бермей өткел көз.
Бағытсыз оқтай қаңғырып,
Күйкіге күйіп кеткен сөз.
Тұншығып от та өшеді,
Алғанға ер де, бергенге ез.
Бәріне мұның кешегі,
Куәгер болар көрген көз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұятты беттен лақтырып өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ұятты беттен лақтырып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұятты беттен лақтырып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұятты беттен лақтырып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері