Кімге айтамын, сырымды кімге сенем – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кімге айтамын, сырымды кімге сенем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 2028
Кімге айтамын, сырымды кімге сенем,
Көңілім ай, үміттен күл көсеген.
Басымды ұрып сол жанның аяғына –
Құлайын ба, күйімді білмесе, мен?
Сезімімді сездірмей өзіңе мен,
(Салғанына тағдырдың төзіп өлем)
Қайда жүрсең, көз емес маңдайдағы
Сені көрем, жотамның көзіменен.
Сен дегенде, болмайды төзім менде,
Ғашық жүрек, тынығып көз ілген бе?
Өзегімде өзгеше өрт өшпей жүрсе,
Өмірден бе, жоқ әлде өзіңнен бе?
Уақыт қатал, өтуде төзім жанып,
Танытпайды өткеннен өзімді анық.
Сезім бағып, түспестен көздеріңе
Ту сыртыңнан қарайды көзім бағып.
Келесің, қашан, жастық кезімді алып?..
Күміс толқын, өзекте сыңғыр қағып,
Жүрегіме жалынын жырдың жағып.
Үміт қылып тартылған үзіп алмай,
Жанарыммен мен сені жүрмін бағып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кімге айтамын, сырымды кімге сенем өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Кімге айтамын, сырымды кімге сенем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кімге айтамын, сырымды кімге сенем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кімге айтамын, сырымды кімге сенем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері