Байсың десең, баймын, дос, кедей десең, кедеймін – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Байсың десең, баймын, дос, кедей десең, кедеймін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 903
Байсың десең, баймын, дос, кедей десең, кедеймін,
Миллиард берген далада туған екем, не деймін.
Өткен күні бабамның есігінде бір байдың,
Көкірегінде толқып көп арман атты сырлы айдын.
Әкем бізді жеткізген қол күшімен, еңбекпен,
Әкем барда мейрімге көрген жоқпын шөлдеп мен.
Бөліп қарай алмаймын Отанымды әкемнен,
Оң-солымды танытып, бақыт таңын әкелген.
Тамшы десең – тамшымын, теңіз десең – теңізбін,
Жерім – суым тағдырлас елімменен егізбін.
Қазынасы қоймаға симай жатқан даланың –
Баласымын, мен сонда неден кедей боламын?!
Бір өмірден өзгеше бір өмірге талпындым,
Қуанышым деп білем, қуанышын халқымның.
Аңқып тұрған әлемге күннің иісі бойынан,
Кешегі бір жалшының ұрпағымын байыған.
Кедей десең сен мені, кедейлігің өзіңнің,
Қалтырайды, тоңады кей сөзіңнен сезім гүл.
Кедей деген сөз қайдан түсті аузыңа, досым-ау,
Миллиард берген далада өмір сүріп осынау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байсың десең, баймын, дос, кедей десең, кедеймін өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Байсың десең, баймын, дос, кедей десең, кедеймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Байсың десең, баймын, дос, кедей десең, кедеймін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Байсың десең, баймын, дос, кедей десең, кедеймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері