Өлең, жыр, ақындар

Жарқабаққа тізілген қарлығаштың ұясындай

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 580
Жарқабаққа тізілген қарлығаштың ұясындай
Көп терезе самсаған, бірқауым ел қасымда.
Құс сайрайды таң ата, аула толып балаға,
Думанды өмір басталды, сүйсіне бер қара да!
...Қас қарая күндізгі сән жылыстап түнекке
Кең сарайдай боз үйді мыс басады бір өктем,
Үрей ертіп осы сәт құр қалғандай пайынан,
Жетіп келер жалғыздық жайдақ мініп тайына.
Бала кезде...
ойынсақ, қаперсіз ек қорқудан,
Таң атып, күн батқанша жасақты әскер секілді
Көл мен шағыл арасын тынбаушы едік жортудан.
Содан қалған үлес пе, ой қамайды не түрлі,
Шұбырады бірыңғай ұқсас ойлар үтірлі.
Нүкте қойып бәріне, аяқтамақ боламын,
«Батырсың» деп өзімді жай ақтамақ боламын.
Осы сәтте көрсең-ау:
Жалғыздық пен зымиян үрей шіркін қамап ап,
ортаға алып өзімді таяқтамақ болады.
Қорықпайды үлкендер, үрейленер бірақ та,
Үлкендіктің белгісі –
балалығыңды аңсайсың қалып қойған жырақта.
Бала болғың келеді, қамқорлайтын сені кіл,
Сірә, осы еркелік емес пе екен менікі...
Деді дауыс дауыстап:
«Ол қайдағы жалғыздық, кеңістік бар қасыңда,
Ой арнасын тарылтпа, бұр бағытты көлемге:
Мұңыңды шақ, сырыңды айт
жан сырласың өлеңге!»



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір жыры

  • 0
  • 0

Үміттерге сыйладың арай төккен жаңа таң.
Жапыраққа шаттанып, қол соғуға – алақан.
Сағынысқан ғашықтар жолыққандай қайтадан
Бұтақтарға иілгіш құшақ бердің айқара...

Толық

Ағажан – жалғыз бауыр

  • 0
  • 0

Бір жазмыштың жазуы болар, сірә,
Бұйырғаны алшақтау мекен-тұрақ.
Бірге тумақ болғанмен, бірге өлмек жоқ,
Жүретінім ол ырас, жалғызсырап.

Толық

Тебегендеу тұяқты мүкісінен таныдым

  • 0
  • 0

Тебегендеу тұяқты мүкісінен таныдым,
Әспеттеген асылды үкісінен таныдым,
Тілектесім келді деп, жігерімді жаныдым,
Бір құдырет қарасты, жүргенімде қамығып!

Толық

Қарап көріңіз