Өлең, жыр, ақындар

Құбажон далам, мен келген сайын

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 910
Құбажон далам, мен келген сайын
құбылаға қарай көсіліп, жатасың үнсіз,
тынығып жатқан қариядай қазір көз іліп.
Тірегім далам, білемін далам, сен атамзаманғы кәрісің,
дегенмен далам, толғауы тоқсан ғұмырда –
алақаныңда бар ісім,
зыр қағып жүрген титімдей ғана түлегің
мал үшін емес, жан үшін емес, күйеді, күйсе – ар үшін!
Біз ерте кеттік, өзіңнен далам,
күнелте кеткен жоқпыз тек,
білмекке – көңіл талпынып, кеттік,
асқарлар аңсап, қияға, қондық па самғап?
Биіктен аңсап қараймыз, аман ба екен деп,
текті іздер қалған, жеткізген бізді арман жолына ұяға!
Қырқаға таман, қыратқа таяу шатырлы үй біздің ұя-тын,
пейілді жан еді, ата-анам менің, сол үйге құтты,
жап-жарық, аңсап бір келген сәттерде төркін-жұртыма
жинала қалса, жұрағат түгел сиятын.
Сол ұя бізге өкпелі қазір, білемін.
Қауқарсыз екем алдында, жоғалтқан жанның ұятын,
сол ұя бізді өсірген жарық ұя-тын...
Құбажон далам, мен келген сайын құбылаға қарап көсіліп, жатасың үнсіз, тыныстап жатқан
атамдай қазір көз іліп.
Ақ арман аңсап, тағалы тұлпар кетіп ем ерттеп аттанып,
бөтендік көрмей, еліме ыстық атымды білген жат танып.
Жалғыз-ақ арман – қара шаңырақ әкеден қалған,
кетіпті-ау, әттең, жаттанып, кір шалған көңіл таттанып!
Кетіпті-ау, әттең... қара шаңырақ, жаттанып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қырық құдық (Орпа ұлына)

  • 0
  • 0

Қырық құдық арасында
Қырық шілтен қорғап өскен,
Дала әуенін даладай кең
Көкірегінде толғап өскен.

Толық

Айсәуленің сөздігі

  • 0
  • 0

Тілі енді шығады,
Сөздік қоры санаулы!
Іс-қимылы дақпа-дақ
Шелтиіп ап танауы!

Толық

Өмір жыры

  • 0
  • 0

Үміттерге сыйладың арай төккен жаңа таң.
Жапыраққа шаттанып, қол соғуға – алақан.
Сағынысқан ғашықтар жолыққандай қайтадан
Бұтақтарға иілгіш құшақ бердің айқара...

Толық

Қарап көріңіз