Өлең, жыр, ақындар

Ол – сондай күй

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 436
Рухтың жайын ол айтар – егілесің ал келіп
Жаның толқып жатады, ел түсінбес халге еніп.
Мұң шанақтан шығады үкі таққан – сәнденіп
Ол – сондай күй!

Шертпе күйдің шерінде – ғасыр даусы зор екен,
Сазын ұрлап тыңдаған – тентек, ерке жел екен!
Мұң сімірген – ол әуен – теңіз мінез сел екен,
Ол – сондай күй!

Оны жазған жандардың жаны көкке ауған ғой,
Тылсымдағы саусағы – аспан төсін сауған ғой!

Күміс алқа дыбыстар – хал тілінде жауған ғой
Ол – сондай күй!

Жанның жырын айтады – біз секілді сөйлемей,
Көкке барып қайтады, сезім жүрек ой көмей.
Пора-пора жыртылған дәруіштік жейдедей,
Ол – сондай күй!

Оны тыңдап – лағады, Абыз жаның далаға,
Мұз-кеудені шағады, үні отқа тола ма?
Жанып кетем демесең, қос ішекке жолама
Ол – сондай күй!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен қандай ұлықсың

  • 0
  • 0

Сен қандай ұлықсың!
Сен деп ем, бақ гүлдеді,
Мендегі шоқтың демі –
Жылытар, күллі әлемді

Толық

Ұрпағың тұр, алдыңда

  • 0
  • 0

Яссауи бабам, сенің Иеме ессіздігіңнен
Есі ауып қалды, даланың.
Көбелектей көзсіз жырыммен
Жаңбырдың суретін саламын!

Толық

Көркемсің Ием

  • 0
  • 0

Көркемсің, Ием, көркемнен,
Нұр жұтып алдым, өлкеңнен.
Қара пиғылдар – қарғадай
Күн-сезіміме өртенген!

Толық

Қарап көріңіз