Ұрпағың тұр, алдыңда – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Ұрпағың тұр, алдыңда» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 846
Яссауи бабам, сенің Иеме ессіздігіңнен
Есі ауып қалды, даланың.
Көбелектей көзсіз жырыммен
Жаңбырдың суретін саламын!

Шарабыңнан сұрадым, қол созып,
Жетсең ал, түбінде қалды-, дедің.
Туннелден өтіп, түнді тауысып, келші өзің,
Өртеп, зар түнегін!

Қайғының тауын қопарып келдім, күл-талқан,
Ұрпағың тұр, алдыңда!
Хикметіңнен киініп алдым, жыр-қалқан,
Жалмауыз дүниенің алдында!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері