Ақсүйек кеп Ақылгөй – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақсүйек кеп Ақылгөй» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1769
Ақсүйек кеп Ақылгөймен отырды,
Әңгіме айтып не түрлі.
«Айтшы, – деді ол, – көп білетін данасың,
Адамдардың ойын оқи аласың.
Жақындаса бастасаң,
Мейлі сотың, ғалымың да басқаша,
Қарағанда қайта бір,
Қалар бірден надандығы байқалып.
Бұл дертті емдер дәрі-дәрмек жоқ па еді?»
Ақылгөй тез жауап беріп. «Жоқ! – деді, –
Қоғамның да тағдырын болсаң егер бағалар,
Ағаш үймен барабар».
«Қалай?» Солай: өз үйіме бейнеттеніп қалаған
Қоныстанбай тұрғанда-ақ,
Шегірткелер кіріп алған думандап».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері