Өлең, жыр, ақындар

Қорадағы қасқыр

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1199
Қасқыр түнде қой қора деп оңды нақ,
Ит қораға болды тап,
Ондағылар көтерді шу-дабырды.
Сезіп қалып қанда ауыз сотқарды,
Төбет түгел жұлқысуға оқталды.
Күзетшілер айқай салып шабынды,
Қақпа кенет жабылды.
Қора сол кез тамұқтай боп танылды:
Бірі ұмтылды дойырмен,
Бірі мылтық, сойылмен.
«От, от!» – деді біреулері кейіннен,
Қасекеңнің тынысы шын тарылды.
Тікірейіп түктері, азулары ақсиып,
Жеп қоярдай барлығын, көзі кеткен ақшиып;
Алайда, ол аңғарып еместігін табын бұл,
Істің ұғып мәнісін,
Жеген қойдың бәрі үшін,
Шырқыраған жаны үшін,
Көшіп сонда қулыққа,
Былай деді: «Достарым, не керек бос ұрынған?
Мен сендермен құда едім ғой бұрыннан,
Татулық қой тілегім, келгенім жоқ ұрлыққа.
Өткен істі ұмытып, табайық бір келісім,
Отарға енді шаппаймын, ол – менің де өрісім,
Біреу тисе, жұлқысып, жан қиямын сол үшін,
Солайша мен...» «Сөз тыңдашы, жарығым, –
Деді созып Шал үнін, –
Сен – сұр, мен – ақ бас кәрімін,
Қасқырларды жақсы білем затынан.
Салтым солай, сол үшін,
Қасқырлармен жасай алман келісім,
Қолға түссе, сыпырамын терісін», –
Сөйтті-дағы, бір итті айдап салды артынан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыбызғы

  • 0
  • 0

Егер тартып қараса,
Сыбызғы үні тамаша!
Дала ұйып тұр тыңдап.
Ойна, сыбызғы!

Толық

Вальс

  • 0
  • 0

Ойналда кенет толқынды вальс,
Қасымда менің болмады таныс.
Жалғаздан-жалғыз бір өзім шетте
Отыра бердім қадалып көпке.

Толық

Ініме

  • 0
  • 0

Болатшы бол, темірді
Қоғасындай балқытқан.
Қуанышты көңілді
Шабытпенен шалқытқан.

Толық

Қарап көріңіз