Жан сақтау бөлмесі – Ұларбек Дәлейұлы

Бұл бетте «Жан сақтау бөлмесі» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1137
Жан сақтау бөлмесі.
Сыртта күз қарасан,
Өмірімнің соңы ма ең, о, меңіреу қараша!
Қасымда жоқ тағы аусарлау адамдар,
Адамдар және де теңгеден аласа.
Сорыма тағы не жолықты көлденең,
Жаным бар мұздаған,
Тәнім бар өлмеген.
Ажалдың қолына жармасып жүр үнсіз,
Емші қыз мен мүлде білмеген, көрмеген.
Жармасып жүр үнсіз,
(Жанымдай ардағым),
Бөлмеден сеземін жалғыздық салмағын.
Өзімді табалап тұрғандай алдымда,
Өзімнің аруағым...
Өлімдей аһ ұрып,
Өмірдей есінеп,
Жанарымда ойнайды жалқы нұр несіне?
Тұрфанның тұнжырап ататын таңы ма,
Балқаштың балбырап сөнетін кеші ме?..
Шырақтар жалтылы –
Бір үрей, бір үміт,
Жүр ажал қанжарын қадауға құнығып.
Қараша кешінде қабықтай қалтылдап,
Жаным тұр өмірдің бұтағына ілініп.
О, бейбақ тағдырым,
Сен неден түңілдің,
Тым шалғай жол тартқан мен асау ғұмырмын!
Сәбиім, жарым боп жан таппай шырылдап,
Алыстан жетеді дауысы құлынның.
...Кеше алсаң алдымен
Е, ажал сен кешір!
Неге ғана ақын боп келді екем жерге осы.
...Жаныма түбінде тыныштық орнатар,
Еһ, дүние!
Сен де бір жан сақтау бөлмесі...

10. 11. 2010ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан сақтау бөлмесі өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Жан сақтау бөлмесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан сақтау бөлмесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Дәлейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан сақтау бөлмесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері