Ақсаңнан биік тау болмас – Бұқар жырау

Бұл бетте «Ақсаңнан биік тау болмас» атты Бұқар жырау жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 1
  • 13046
Ақсаңнан биік тау болмас,
Бауырынан қашқан күзен көрінбес,
Ақшам батпай түн шықпас,
Ажал жетпей жан шықпас.
Етекті кессең, жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.
Қара қойдың терісін
Сабындап жусаң ағармас.
Қалған көңіл табылмас.
Қараша торғай қаз болмас,
Шағала келмей, жаз болмас,
Шаңқан болмай боз болмас,
Іштен қыңыр туғанды
Тезге салсаң түзелмес.
Өзіңнен тумай, ұл болмас,
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас,
Дос болғанмен, хош болмас.
Екі жақсы дос болмас,
Дос болса түбі бос болмас.


Пікірлер (1)

Есхат Мухаметқазыев

Маған өте ұнады рахмет өздеріңізге

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақсаңнан биік тау болмас өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Ақсаңнан биік тау болмас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақсаңнан биік тау болмас өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақсаңнан биік тау болмас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері