Өлең, жыр, ақындар

Адам жұмбақ ғұмырды кешетіндей

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 696
Адам жұмбақ ғұмырды кешетіндей,
Аумалы ақша бұлттар көшетіндей,
Әуезов мұражайын көргеніңде,
Ұлылық самал желі есетіндей.
Қазағым –шежірелі дастан елсің,
Жұлдызды терезеден аспан көрсін,
Қарашы ұлы Мұхтар кабинеті,
Ұлылық үнсіз сөйлеп жатқан дерсің.
Телефон сымнан сөйлеп ағылғандай,
Қыран тұр күндерінен жаңылғандай.
Сөйлейді ұлы адамның домбырасы,
Ұлылықтың саусағын сағынғандай.
Айнала үй қоршаған орам қандай,
Орамнан сапар кешіп жол алғандай.
Ойланып ұлы Мұхтар мүсіні тұр,
Жаңа бір үнді елінен оралғандай.
Әр тұлпарын бәйгеге қосқанындай,
Ғұмыр ғой өте шығар қас-қағымдай,
Кәдімгі кресло күмбірлейді,
Айнала қоршап алған достарындай.
Өмір-өмір, өмір ғой жыр-дастандай,
Дүниенің жұмбағын бірге ашқандай.
Бөлмелер қозғалысқа келе жатыр,
Әуезов жұбайымен сырласқандай.
Ауасын ұлылықтың алдан жұтып,
Дәуірдің әрбір күнін арман тұтып,
Әуезов музей-үйі әлі күнге,
Ұлтың оралар деп қалған күтіп.
Алатауға айналып тірегің де,
Кім келіп, кім кетпеді бұл өмірге.
Бөлеп алған музейді бір сағыныш,
Сол сағыныш – әр қазақ жүрегінде.

27 қыркүйек, 2012 жыл.
Алматы шаһары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын достар

  • 0
  • 0

Адалдық, ар-ожданға үлгісіңдер,
Ғажайып, ұқсамайтын түрлісіңдер.
Сендерді сағынамын ақын достар
Шартарап ой ізінде жүрмісіңдер?!

Толық

Әкем Нағашыбай Сарыұлына

  • 0
  • 0

Әкем Нағашыбай Сарыұлына
Ей, дүние, мен осы қайда асықтым
Өмірімнің өлеңді айнасы ұқтым.
Табам деп інжу-лағыл талай ақын,

Толық

Айналдым сенен, аппақ қар

  • 0
  • 0

Талай қыс өтті, талай жаз,
Маусымдық ғұмыр қалай аз,
Айналдым сенен, аппақ қар,
Айналдым сенен, сарыаяз!

Толық

Қарап көріңіз