Үш құрма – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Үш құрма» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 720
(Шығыс аңызы)

Арабтың құмдарында жатқан күйіп
Өсіпті үш құрма ағаш зәулім биік,
Құнарсыз түбіндегі топырақтан
Мөп-мөлдір тұма шығып толқи аққан.
Жамылып жасыл ағаш көлеңкесін,
Көрмеген көшпелі құм күн сәулесін.
Шұбалып жым-жырт ұзақ жылдар өткен!
Келмеген жолаушы да шөлдеп шеттен,
Бас қойып саядағы суға мөлдір,
Баспаған шөлін әлі сіміріп бір.
Қуырып шілгер ыстық күн аңызақ
Құрғаған мөлдір бұлақ, ну жапырақ.
Шағыпты сонда үш құрма
Алласына: "Қурауға жаралдық па біз осында?
Пайдасыз жапанда өсіп, мәуе жардық,
Теңселтті құйын соғып, ыстық қарып,
Тартпадық ешкім көзін қуантып бір...
Уа, тәңірім, әділ емес үкімің бұл!"
Тек олар тынысымен, көк мұнардан
Көрінді құм үйіріп, шұбалған шаң,
Жамырап қоңыраулары күлдір қаққан,
Құбылтып жүктеріне кілем жапқан,
Қайықтай теңіз кешкен, баяу ырғап,
Құм есіп келе жатыр түйе шұбап.
Тербелген арасында тік өркештің
Әшекей шатыры бар сол бір кештің.
Қоңырқай қолдар соның сырса етегін,
Әдемі қара көздер жарқ етеді...
Еріне еңсе сала ашаң араб
Астына атырылтып мінген қара ат.
Аты да құлақ тігіп кей-кейде үркіп,
Барыстан оқ қадалған қарғиды тік.
Ақ киім әдемі бір жиырыла
Жігіттің жатыр толқып иығында.
Шабады ұйтқып құмда, айғай салып,
Найзасын лақтырып, қағып алып.
Құрмаға дуылдасып келді керуен,
Қос тікті көлеңкеге, құрды серуен.
Құйылды су сылдырап құмыраларға,
Қош алып сый қонағын құрмалар да,
Иіліп, шашақтары тұр салбырап.
Қандырды шөлін қоса мөлдір бұлақ.
Жер жүзі қоңырқай кеш жамылғанда,
Тарсылдап балта тиді тамырларға,
Ғасырдың перзенттері қалды құлап!
Балалар желектерін алды тонап.
Пәршелеп денелерін содан кейін,
Ақырын отқа жақты таңға дейін.
Батысқа түн пердесі сырылғанда,
Қозғалып кетті керуен жүріп жолға.
Құлазып құнары жоқ топырақта
Сұрғылт күл, сұп-суық бір қалды жұртта.
Қалғанын қақтап әрі күн қуырып,
Әкетті соңынан жел түзге қуып.
Құлазып, қазір бәрі кеткен қурап
Жапырақпен сырласпайды мөлдір бұлақ,
Жатыр құр пайғамбардан сая тілеп,
Ыстық құм көзін күнде көмеді тек.
Құладың - түз тағысы жүні үрпиген
Түрткілеп жағасында шоқиды жем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үш құрма өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Үш құрма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үш құрма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үш құрма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері