Өлең, жыр, ақындар

Құлпытастар альбомы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 859
(И. Тасмағамбетовке)

Таста жан бар, ерекше, заты нәзік,
Ол тарих аршитын батыл қазып.
"Құлпытас" деп ат қойып,
Иманғали, Ардақтапты алтынмен атын жазып.
Құлпытастар... бірі ата, бірі шеше,
Өмір сүрген жайраңдап күні кеше.
Елестейді көзіме бейнелері,
Құлағыма жетеді үні неше.
Отан еткен елімді, мекенімді,
Олар дағы қазақша екен үнді.
Құлпытастар қарайды баласынып,
Қайдан білсін алпыста екенімді.
Елемей ме, бұ қарттар баласынып,
Менсінбей ме, мәңгүртдегі, шаласынып.
Өздерінің жолы деп, өнері деп,
Жүргенімді білмейді-ау, аласұрып.
Білмесеңдер білмеңдер, жалынбадым,
Сезсең болды жүректе жалын барын.
Тас тұлғалар — бабам да, өнерім де,
Сіздерсіздер, тас тұлға табынарым.

Ақтау. 30.07.02.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлпытастар альбомы өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Құлпытастар альбомы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Құлпытастар альбомы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлпытастар альбомы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері