Өлең, жыр, ақындар

Жолдас Марат

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 838
Маған мәлім, жолдас Марат,
Сенің туған жылдарың.
Қаққан кезде сен жас қанат,
Шырқалған ед жырларым.
Есімде ерте қанды оқ еді
Жауды жеңе атылған.
Октябрьде таңғы оқ еді
Жеңіске елді шақырған.
Бұлттар көшіп, оқ тынғанда,
Бесігіңнен көзіңді
Сен ашқанда, талпынғанда
Тербетіскем өзіңді.
Аялаған сені жастан
Алтын Отан бесігің.
Бәрімізге бірге ашқан
Шын бақыттың есігін.
Бала күнің көрген түстей,
Өсіп жігіт болыпсың.
Тұра ала ма туған өспей,
Топшылана толыпсың.
Ұлы соғыс басталған күн
Аттанам деп қолымды
Алдың жауды тас талқан қыл!
Күтсін жеңіс жолыңды.
Кешегі ұлан жігіт болған,
Асыныпты жарағын,
Жан аяйды кім майданнан,
Мен де артыңнан барамын.
Дедім:
— Марат болсын жолың
Қолын алып ұмтылған.
— Бос кетпесін жалғыз да оғың
Жан аяма отаннан.
Осыны айтып амандастым,
Құп алды жас Маратым;
Жаны жайнап еркін жастың
Отан үшін берді антын.
Ол майданға аттанған күн,
Менен де жыр қозғандай.
Оқша атылып шықты ащы үн,
Күші көкті сызғандай.
Мүмкін, сөзі қате болмас
Мені ақын дескеннің.
Жырымды да тыңда, жолдас,
Ең әуелі әскермін.
Жазып отты мен өлеңді,
Ширатам әм денемді.
Қару ұстап қорғауға елді,
Кидім сұсты шинельді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыңға атқан оқ

  • 0
  • 0

Күрсініп Нева толқыды,
Көк тұманын жамыла,
Соқты керней толқыны
Гранитті жарына.

Толық

Жаңа жыр

  • 0
  • 0

Жаңа жыр — жырланады майданға арнап,
Жаңа жыр — жайратады жауды ойрандап!
Жаңа жыр — фашизмнің төбесінен
Түседі жарқ-жұрқ еткен жайдай жайнап.

Толық

Тұтас

  • 0
  • 0

Есімде... профессор ділмар Фатов
КАЗПИ-де лекциясын алға тартып,
Сөйлесе, ұйып тыңдап бір жас шәкірт
Тұғырға қонақтаған құстай қатып,

Толық

Қарап көріңіз