Мың бір түн деген отына мұңлы – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Мың бір түн деген отына мұңлы» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 1262
Мың бір түн деген отына мұңлы,
Өртеген сұлу өлеңім.
Бала күнімде оқығанымды,
Көзіммен көріп келемін.
Жапырақтарды жаны жаралы,
Ханзадаларды қаһарлы.
Сыбызғы көңіл кәрі даланы,
Саудагері көп шаһарды.
Тамыздың таза таңындай жарық,
Шайырдың кірсіз түр-түсін.
Санаға қонған сағымға айналып,
Сайқалдың сатқын күлкісін.
Көлгірсулерді көріп келемін,
Қайыршылардың назындай.
Қор болып, қайран, көрікті өлеңім,
Ғайыпқа кетті жазылмай.
Не десең досым, сүзіп алған бұл
Мөрлі құмыра дию бар.
Неден қорқады қызып алған дүр?
Тығынын алып құйыңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мың бір түн деген отына мұңлы өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Мың бір түн деген отына мұңлы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мың бір түн деген отына мұңлы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мың бір түн деген отына мұңлы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері