Өлең, жыр, ақындар

Сен кінәлісің

Сен кінәлісің
Өмірді сүймегенің үшін
Отына күймегенің үшін
Жақсы ой түймегенің үшін

Сен кінәлісің
Адамға сенбегенің үшін
Жақсыға ермегенің үшін
Досыңа серт бермегенің үшін

Сен кінәлісің
Адамды алалағаның үшін
Шындықты жалалағаның үшін
Өзіңе керектіні қаламағаның үшін

Сен кінәлісің
Өз тіліңді білмегінің үшін
Ана тілде ойнап-күлмегенің үшін
Ата-баба дәстүрімен өмір сүрмегенің үшін

Сен кінәлісің
Елге еңбек етпегенің үшін
Маңдай терді төкпегенің үшін
Алға қойған мақсатыңа жетпегенің үшін

Сен кінәлісің
Шындықты жырламағаның үшін
Өтірікті қорламағаның үшін
Әлсізді қиындықта қорғамағаның үшін


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наурыз

  • 0
  • 3

Қыста кетті қинап,
Көктем келді жайнап.
Наурыз тойын тойлап,
Балалар жүр ойнап.

Толық

көңіл)

  • 0
  • 0

Қызық екен, мұндай күйлер кешкенім,
Өз ойымнан сіздің ойға көшкенім.
Мен ерекше көңіл күйге түстімғой,
Осындайда байқалады өскенім.

Толық

ТУҒАН ЖЕРІМ-СЫР ЕЛІ

  • 1
  • 8

Туған жерім бас иемін өзіңе,
Мақтанамын туғаныма өзіңде.
Құндылығы ешнәрсеге жетпейтін
Сыр жеріне жетер жер жоқ әлемде.

Толық