Өлең, жыр, ақындар

көңіл)

Қызық екен, мұндай күйлер кешкенім,
Өз ойымнан сіздің ойға көшкенім.
Мен ерекше көңіл күйге түстімғой,
Осындайда байқалады өскенім.

Өмірдің тек байламына қараппын,
Тек кітапты парақтауға жараппын.
Қателігім басты мынау өмірде,
Бар бақытты бір адамға балаппын.

Дін мен әлем бір тағдырға тоғысты,
Бар ақылым жүрегіме ойысты.
Мен ақыры сізді қатты ұнаттым,
Тоқтата алмай жүрмін ішкі соғысты.

Білсеңіз ойым жоқ дамылдауға,
Сезімімді екінші қабылдауға.
Көріспейміз, ұмытам барлығын мен,
Тек еске алам барғанда ауылдарға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берген әке тәрбиесінің негізінде жатқан тұлғалық қасиеттері

  • 0
  • 1

Әкесі қой баға білмегеннің –
Баласы қозы баға алмайды.
Абайды Абай еткен Мұхтар,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дегендей...

Толық

Сен кінәлісің

  • 0
  • 0

Сен кінәлісің
Өмірді сүймегенің үшін
Отына күймегенің үшін
Жақсы ой түймегенің үшін

Толық