Құс болып жаратыла қалмағаным…
Құс болып жаратыла қалмағаным…
Жоламас ем дүрбелең қала маңын.
Жан дүние түз тартқан шырылдатып,
Пырылдайды торда тән балапаным.
Еркіндікті қанатым аңсағағаны,
Адам дейді, - адамдық қайда, кәні?
Ақындардың мінезі ұшпай құсша
Ән салмайды жасырып тамсанарын.
Адам едім, шын оны қаламадым.
Жаратушы бұйырған - бағынамын.
Жиі көрем түсімде құс кезімді,
Көк аспанды тілгілеп самғағаным.
Қызығардай несі бар бұл жалғанда?
Қу дүние қанатты қырқыған да.
Төніп басқан төрт қабырға төбесі де,
Терезеге телмірген қиқым арман.
Жұлқылаған жан-жаққа жалған тағдыр,
Көк аспанға нем бар еді болып ғашық?
Құдай! Егер естісең құсқа айналдыр,
Көк Тәңірмен өзара ақылдасып.
Ержан Қабышұлы / Bura-Naiman
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі