АЛАҢ

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жатқанымен бір күнді күн ысырып,
Келер күннің тым сұрлы түрі суық,
Көп армандап жүргенмен алдан бірақ,
Жылтыңдатар жанарын қуыс үміт.

Дегенмеген әрдайым сақтайды Егем,
Бір тыныштық әлемнен таппай келем.
Бүгін жылы болғанмен ауа райы,
Бүрсеңдейді неліктен жаппай денем.

Сүйдік, күйдік, куә жел оған ана,
Бізді күндер ел де көп сол арада.
Мен де, сен де, олар да болашақ та,
Төмпешік боп қалатын мола ғана.

Сел тасиды, көңілден жел еседі,
Бітпейді ғой сонда да ел өсегі.
Біздің бір жөн болар-ау, қандай екен,
Бізден қалған ұрпақтың келешегі?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

АЛАҢ өлеңінің авторы кім?

Ақниет Тағыберген — осы өлеңнің авторы.

АЛАҢ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

АЛАҢ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақниет Тағыберген өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

АЛАҢ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері