Өлең, жыр, ақындар

Диалог (махаббат)

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

@_holdnew_895:
Кімге керек сенің күліп жүргенің?
Жүрегіңді жазар дейсің кімдерің?
Тоғыспаған тағдырлар жолдарында
Кейде сынақ,кейде қайғы,кейде мұң.

@bbb_beka00:
Я расында кімге керек күлгенім
Мені ешкім түсінбестей күйдемін
Мазалайды ойлар мені тынымсыз,
Еске түссе ескі сол бір сүйгенім

@_holdnew_895:
Олда сені ұмытпайды білемін.
Алла болсын шын ниетің,тілегің
Сынақ келсе сабырмен төзе біл,
Ауырсада қарсы айырылып жүрегің 

@bbb_beka00:
Қаншама рет кетпеші деп өтінгем
Ол қыз менен кеткеніне өкінген
Кешірші деп айта алмастан жүрегі,
Оралмауға шын ниетпен бекінген.

@_holdnew_895:
Неге сонша өмірден түңілесің
Өткен күнге қарама, сүрінесің
Қайта оралып келмейтін бақытыңды,
Қайтарам деп артынан жүгіресің.

@bbb_beka00:
Сырт көзге біліндіме жалғыздығым
Өмір менен жасырғандай бар қызығын
Еске түсіп кетед(і) өткен күнім,
Сезім жайлы естігенде ән үзігін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Диалог (махаббат) өлеңінің авторы кім?

Бекарыс Ташкенбай — осы өлеңнің авторы.

Диалог (махаббат) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Диалог (махаббат) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бекарыс Ташкенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Диалог (махаббат) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.