Өзім туралы…
Ешқашан ешкімге дәлелдемеймін
Жүрегімнің пәктігін әлемге мейлі
Егерде айтса ауыз деп сенбеймін
Жүректің тілін ғана мен елеймін
Өзгеге өзімді ақтап алмаймын
Сөзге түссем жақтап алмаймын
Сынап мені көрсеңіз жарар
Өзімді өзім мақтап алмаймын.
Алламның алдында жауабым бар менің
Өзгенің сөзі тауып кетер өз теңін
Адамның пейілі барымен бөлісер
Жақсысы жақсымен, жаманы өзі білер
Жүрекке адалдық тілеймін баршаға
Өкпем жоқ ешкімге айтарлық соншама
Сұғылған қанжардан қансырап тұрсамда
Барыммен, балыммен бөлісемін сонда да.
Қамшының сабындай берілген ғұмырда
Ашумен ызамен өткізбей жуырда
Сыйласып сырласып түсінісіп өтейік
Бақыттың кілті әр жанның өз қолында.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі