Өлең, жыр, ақындар

Жігіттерге

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Айтатыным ер кіндікті әр жанға
Жігіт жігіт болу керек жалғанда
Қорқаулықтың көк тиынға керегі жоқ
Ұқсамасаң арланға

Еркелердің етегіне жармасқан
Ешқашанда ер болмайды марғасқам
Жігіт деген жалғыз сөзді бір оқтық
Болу керек алдаспан

Болмасаң да көпшіліктің көсемі
Байлық қонған бақыттысы бес елі
Жеткілікті ерлік жасау үшін де
Болсаң елдің «есері».

Қуат алған рух пен тектің өртінен
Өрен едік қан жұтынған өр кілең
Өкінішті... Көп тірі өлік көрем мен
бестің төртінен

Ұлылықты ұран қылып шулап біз
Тұғырында тектіліктің тулаппыз
Ал бүгінде батырлардың ұрпағы
Неге сонша уақпыз!?

Зау биікке қыран шыққан шыңға да
Жетеді деп жылан жылжып ұрлана
Жігіт деген қасиетті қастерлі
Ұлы атыңды былғама


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіттерге өлеңінің авторы кім?

Нұрболат Аманбек-тегі — осы өлеңнің авторы.

Жігіттерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жігіттерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрболат Аманбек-тегі өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіттерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.