Тыңда қазақ – Абайбек Сырым

Бұл бетте «Тыңда қазақ» атты Абайбек Сырым жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тыңда Қазақ

Сендер үшін жыр жаздым құлақ саңдар,
Қазақ десе жүрегім елең қағар,
Қаңтарда жиналдық деп міндет қылма,
Ұлтшылдардан көп болды тонағандар.

Солар үшін қан жұтты қанша аналар,
Солар үшін тергелді қанша ұлдар.
Қазақша сөйле деген жазығымба,
Қаладан шықпа деген қағазым бар.

Мәңгүрт,сорлы қазақ намыссыздар,
Қандай саған сөз керек намыстанар.
Қазақ болып қалу үшін ғаламда,
Ұл-қыз керек қазақ десе алып ұшар.

Мына ұрпақ емес текті қазақтан.
Қыз көйлегі қысқа болса балақтан,
Шашын бояп би билеп жүр ұлдарың,
Болмысың қайда Құдай ерғып жаратқан.

Қазақ ұлтшыл ұйымшыл қәне бәрі,
Ұстанған бабаң дін салтың қәні.
Еркекпін деп көкіректі кересіңдер,
Еркектең туған еркек ұлың қәні.

Қырық үйден тиынған қызың қайда,
Көшеде сүйісуден қымсынбайма?
Еркекпен әйелді тең деп жүрген,
Қасиетсізден қайратты ұл тумайды.

Оян қазақ саған арнап жыр жаздым,
Өтіп жатыр ай-күндерің,жылдарың.
Ата бабам аңсаған ұрпақ емес.
Кәзіргілер ұрпағындай дәджалдың.

Тоқта қазақ жетеді ессіздігің,
Ақыр заман оданша келсін бүгін.
Жермен жексен болып кетейікші,
Көргенімше қазақтың тексіздігін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыңда қазақ өлеңінің авторы кім?

Абайбек Сырым — осы өлеңнің авторы.

Тыңда қазақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыңда қазақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абайбек Сырым өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыңда қазақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар