Өлең, жыр, ақындар

Абай деген ұлы ақыны қазақтың!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Абай деген ұлы ақыны қазақтың
Қара сөзбен қара өлеңі ғажап тым
Өкініш пен мұңға толған санамды
Абайдың өлеңімен тазарттым

Қара сөзі болғанымен аз-ақ тым
Дұрыс жолға бағыттап жыр жазатын
Абай деген маңдайына жазылған
Шоқ жұлдызы қазақтың

Абай жолы жақсылыққа бастар жол
Абай жолы құран нұрын шашқан жол
Қанша ғасыр өтсе дағы арадан
Абай жолы жазып бітпес дастан ол

Абай жолы зерттелмеген бір әлем
Абай жолын зерттеуге мен құмар ем
Абай жолы алып келді өлеңге,
Сол жолменен өлең жазып тұрған ем.

Өлеңдері ашылмаған сыр-сандық
Өлеңдерін оқып біздер тамсандық
Еуропа мақтанғанда Шекспирмен
Жер жаһанға мына біз
Абай жолы Ұлы жол деп жар салдық


Пікірлер (1)

Аягөз

Абайдың өлеңдері ғажап қой ❤️

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абай деген ұлы ақыны қазақтың! өлеңінің авторы кім?

Еркінбек Алтынбек — осы өлеңнің авторы.

Абай деген ұлы ақыны қазақтың! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Абай деген ұлы ақыны қазақтың! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еркінбек Алтынбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абай деген ұлы ақыны қазақтың! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.