Шетелге сатылған сәбиге

Бұл бетте «Шетелге сатылған сәбиге» атты Нұркен Тохаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қандасым-ай, қамкөңіл бауырым-ай,
Өзіңмен қоштасудың ауырын-ай.
Қайда жүрсең аман болса, пәк сәбиім,
Жалғыздың әрқашан да жары құдай.

Тастанды едің, тастаған анаң қиып,
Зарлатқан тумай жатып заман-күйік.
Ақшасы көп шет елдік алып жатыр,
Елімнен жетім қалған адам жиып.

Сен-дағы кетесің-ау, жат бауыр боп,
Тастанды болғаннан соң тас бауыр боп.
Қайыршы тірлікке бұл не істей алам,
Жұқалтаң қаймағынан қаспағы көп.

Ұмытарсың тіліңді, дініңді де,
Өмірің де ұқсамас бүгінгіге.
Түрің қазақ болғанмен сырың басқа,
Өзге жақтан аларсың білімді де.

Қандасым-ай, қамкөңіл бауырым-ай,
Өзіңмен қоштасудың ауырын-ай.
Қайда жүрсең аман болса, пәк сәбиім,
Жалғыздың әрқашан да жары құдай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шетелге сатылған сәбиге өлеңінің авторы кім?

Нұркен Тохаев — осы өлеңнің авторы.

Шетелге сатылған сәбиге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шетелге сатылған сәбиге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұркен Тохаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шетелге сатылған сәбиге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер