Өлең, жыр, ақындар

Таудың ұлы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Таудың ұлы, ол таудан жаратылған.
Ұқсамаған ешкімге, таулардай дара туған
Жайқалған еменсің сен өзеннің,
Жағасында, жалғыз өзі дара тұрған.

Ұлы ақынның ұлы тауын көрсем дегем,
Қарасазға бір барып келсем бе екен?
Ұлы ақыннан түсімде бата алып,
Ұлы шыңды бағындырып келсем бе екен?

Мұқағали Мақатаев ұлы тұлға!
Ұлыларды бола ме екен ұмытуға?
Ғалымның хаты өлмейді дегендей-ақ
Өлеңдерің сақтаулы тұр ұлы тауда.

Еркін өскен кең даланың мұзбалағы.
Көре алмай бақытын талайы қызғанады.
Аяқтан мың шалып, көкіректен итерседе...
Қазақ үшін,
Қайта тұрып, аянбай жыр жазады.

Болашаққа хат жазған ең аққудың қанатына,
Қанатына аққудың өлең жазған дара тұлға.
Таудың үлкен үлкен тастарынан жаратылған,
Мұқағали заманынан бөлініп дара туған.


Пікірлер (1)

НұрАли

Мұқағали Мақатаев ұлы тұлға!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таудың ұлы өлеңінің авторы кім?

Еркінбек Алтынбек — осы өлеңнің авторы.

Таудың ұлы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Таудың ұлы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еркінбек Алтынбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таудың ұлы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.