Жер шары жалғызсырап – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жер шары жалғызсырап» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

...Білемін сені, аяулы Бостандығым,
Халқымның көп сарғайып тосқандығын.
Қазаққа ғарыштан да теңдік тиіп,
Самғауға шақырады аспан бүгін!
Жырламай мұны қалай үнсіз қалам?
Айтпасам ақиқатты құнсызданам.
Кім келіп­-кетіп жатыр шаруасы жоқ
Тылсымның төріндегі мұңсыз ғалам.
Зуылдап жердің ұшқыр зымыраны,
Ғарышты бетке ап қанша зымырады.
Жұлдыздар тұңғиықта жүзген алыс,
Ашқан жоқ адамзатқа сырын әлі.
Жар болсын жаратқанның жалғыз өзі,
Тылсымның тіл қататын келді кезі.
Сығалап жеті қатқа телескоптан,
Қаншама ғалымдардың талды көзі.
Ойланбай дүние сыры еленбейді,
Түбіне түскен сайын тереңдейді.
Ғаламның он сегіз мың ортасында
Жер шары жалғызсырап елеңдейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер шары жалғызсырап өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жер шары жалғызсырап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер шары жалғызсырап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жер шары жалғызсырап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері