Өлең, жыр, ақындар

Интервью

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 435
Ауыл, шет аймақтан
Қалаға бармаққа,
Поезға алғашқы
Бiр мысық жайғасты.
Сұрадық мəнiсiн:
– Келесiң не үшiн?
– Қалада туыс көп,
Келемiн бiр iс боп.
«Жедел, тез жет дептi,
Көмектес кеп дептi.
Бiз тұрған пəтерде
Көбейдi қатер де,
Тышқандар пайда боп,
Соған еш айла жоқ.
Мысығы қаланың
Болып тұр шамалы.
Ұстауға ебi жоқ,
Ерiншек, себi жоқ,
Денесiн май басып,
Жүр бəрi жай басып.
Негiзгi кəсiптi
Ұмытып, жасытты...
Олардан қайран жоқ,
Түнiмен ойран боп.
Тышқандар басынды,
Ұйқыны қашырды...»
Сол үшiн келемiн!
Ол тышқан неменiң
Жазасын бермекпiн,
Шамасын көрмекпiн!
Кiм ата кəсiптi
Ұмытса – жазықты.
Көрсетем тышқанды
Қалайша ұстауды!..
Кер кеттi заманың...
Мысығын қаланың
Басынса тышқандар!
Масқара... ұқсаңдар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неге тар?

  • 0
  • 0

Киiп едi Өтеулi,
Былтыр тiккен жейдесiн.
Шолтиып жең, етегi,
Қысып тұрды кеудесiн.

Толық

Орманшы

  • 0
  • 0

Қалың ағаш iшiнде
Орманшының тұрағы.
Елiктер
Су iшуге,

Толық

«Айғырқұлаған»

  • 0
  • 0

Бiр шоқыны көрдiм мен,
Аты – «Айғырқұлаған».
Неге олай деп əркiмнен,
Осы жайлы сұрағам.

Толық

Басқа да жазбалар