Өлең, жыр, ақындар

Бәрі де өмірімнің – өлеңімде

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 398
Бәрі де өмірімнің – өлеңімде,
Өрім де өрмелеген, төменім де.
Тұнығым, тұңғиығым, тереңім де,
Ту тігіп, дабыл қаққан белеңім де
Бәрі де өлеңімде, өлеңімде.
Күндер бар кеудеме нұр ұялатқан,
Күндер бар күңіренген қиянаттан.
Ауытқып ар жолынан кеткенім жоқ,
Кеткем жоқ тайғанақтап тиянақтан.
Қытымыр қысым да бар қысып өткен,
Көк мұнар көктемім бар құшып өткен.
Жазым бар жамылдырып жапырағын,
Күзім бар қаз, тырна боп ұшып өткен.
Сыным да, сымбатым да өлеңімде,
Сымбатты сұңқармын деп керегі не?
Қалт тұрып қас сұлулар қарамаса,
Маған ел сері атағын береді ме?
Мінім де, мінезім де өлеңімде,
Бұлғаққа, өлең шіркін көнеді ме?
Тура айтып туғанға да, басқаға да,
Жақпаймын, бұған жұртым сенеді ме?
Бәрі де өмірімнің – өлеңімде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кием келіп көрінді

  • 0
  • 0

Кием келіп,
Ием келіп көрінді.
Көрінді де,
Түнгі ұйқым бөлінді.

Толық

Шүкіршілік – көрсеткенге, көргенге

  • 0
  • 0

Шүкіршілік – көрсеткенге, көргенге,
Қайтер едім түк те көрмей өлгенде.
Жаным ырза табиғатқа, тағдырға –
Көретін көз, сөйлейтін тіл бергенге.

Толық

Сендей-ақ болсын әр ақын

  • 0
  • 0

Қазақтың әрбір ақыны,
Сендей-ақ болсын дер едім.
Айтпай-ақ қойдым атыңды,
Тұрған соң айтып өлеңің.

Толық

Қарап көріңіз