Өлең, жыр, ақындар

“Айтылмаса сөз жетім”, - Оқылмаса кім жетім?

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

“Айтылмаса сөз жетім”, -
Оқылмаса кім жетім?

Том-том дүние шаң басып,
Тұр өзара шуласып,
Дауласып тұр даналар,
Ақындар тұр мұңдасып.

Сөйлеп жатқан кітаптар,
Сарнап тұрған сөрелер,
Бума-бума құжаттар,
Құшақ құшақ газеттер.

Өтті дейді кітәптің,
Қағаздардың дәурені,
Шығарғалы адамдар
Желі деген бәлені.

Қадалады экранға,
Құлағында құлаққап,
Қарамайды адамға,
Естімейді анықтап.

Қызықпайды Абайға,
Сұрамайды Мұхтарды,
Ғаламторға осы күн
Беріп қойған ықпалды.

Ізденбейді қиналып,
Даяр әсте қалауы.
Қайтсін бекер ойланып,
Жалқау қылды сананы.

Құрдым болар халықтың
Кітаптары аруақ
Кітапханашы шырақшы,
Кітапхана мазарат.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

“Айтылмаса сөз жетім”, - Оқылмаса кім жетім? өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

“Айтылмаса сөз жетім”, - Оқылмаса кім жетім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

“Айтылмаса сөз жетім”, - Оқылмаса кім жетім? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

“Айтылмаса сөз жетім”, - Оқылмаса кім жетім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.