Қырансың сұрапылда жарқылдаған – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Қырансың сұрапылда жарқылдаған» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Бауыржан Момышұлына)

Қырансың сұрапылда жарқылдаған,
Дауылда найзағайсың бұлтты жарған.
Қаһарман қолды бастап,
Ойрандадың
Обырды Отаныңа бүлік салған.
Сел соқса шарқ ұрмай ма сай тастары,
Алдыңа алапат жау жай тастады.
Елестер жолбарыстай сұсты түсің,
Жұлқынған қиян-кескі шайқастағы.
Бірісің аты әйгілі қолбасшының,
Ірісің мұқалмаған алмас қырың,
Батырсың – айғайынан жау үріккен,
Ақынсың – жүлделіге жолдас бүгін.
Құрыш қол қан қырғында берген қайрат,
Қаламды содан кейін шықты қайрап.
Сүйсінем шежіреңе өзің жазған,
Өмірің кітабыңда тұрсын жайнап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырансың сұрапылда жарқылдаған өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Қырансың сұрапылда жарқылдаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырансың сұрапылда жарқылдаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырансың сұрапылда жарқылдаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері