Қаракөк, жылқы ішінде биемісің – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Қаракөк, жылқы ішінде биемісің» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қаракөк, жылқы ішінде биемісің,
Құдай десең тамұққа күйемісің?!
Тағат, ғибадат, құдайға құлшылық қыл,
Дүниеде ақырда өлмей жүремісің!
Арам болса қашады су кісіден,
Естімеген сөз шығар қу кісіден.
Құран, кітап айтқаны рас болса,
Жұмақ көрер бір жан жоқ бұ кісіден.
Тілеймін бір құдайдан əуелі иман,
Айрылсам иманымнан көрге сыйман,
Бере гөр тілегімді, хақ тағала,
Құдай-ау, құдіретіңе жаным құрбан.
Күнəны іздеп алдық басымызға,
Жолаттық малғұнды қасымызға,
Ахиретте жұмақта болмас па едік,
Сəби боп дүниеден қайтсақ жасымызда.
Осылай сөз сөйлеймін көңліме ала,
Құдайдың құдіретіне бар ма шара?!
Жатсам, тұрсам тілеймін иманымды,
Бере гөр тілегімді, хақ тағала.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаракөк, жылқы ішінде биемісің өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Қаракөк, жылқы ішінде биемісің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаракөк, жылқы ішінде биемісің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаракөк, жылқы ішінде биемісің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері