Әр жерде қадір, құрмет көрген жанмын – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Әр жерде қадір, құрмет көрген жанмын» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әр жерде қадір, құрмет көрген жанмын,
Жақсы менен жаманды білген жанмын.
Жайымды сіз білмейсіз, мен – жорға тай,
Тайпалып, талай топқа кірген жанмын.

Жақсылар бізді есінен тастамаған,
Өнерсіз деп жаманға бастамаған.
Қария қазақ, ноғай естіген жан,
Ұрынбаған қалмады жаста маған.

Мен өзім талай сөзді хатпен жазғам,
Әзілден мерт болады артық қазған.
Өткен іске өкінсем, өмірім зая,
Тұяққа ілінгенді қайта жазбан.

Жақсының жүрген жері той болады,
Ақыл жоқ, кей адамда бой болады.
Көрмеге қандай жаман болса-дағы,
Парасат кей шаһбазда ой болады.

Адамды жөн білетін дана деп біл,
Істерін жалқау жанның шала деп біл.
Құр жасы елулерге келсе-дағы,
Білімсіз сондай жанды бала деп біл.

Шешен сол – сөйлер сөзден қамалмаса,
Жақсы сол – істер ісін тамамдаса.
Апу-күпу дегенмен әулие емес,
Күнәсі күнә үстіне жамалмаса.

Жаман сол – жақсы сөзді ұға алмаса,
Ғалым болмас ұстаздан дұға алмаса.
Молла есімін алған жан толып жатыр,
Не керек ғылым бойға жұға алмаса.

Кеңес көп ести берсең іште жатқан,
Бір құдай сөйлесін деп тіл жаратқан.
Қызыл тіл, тіршілікте тебіреніп қал,
Шешендер сендей талай жерде жатқан.

Замандас құрбың келсе қадірін біл,
Артында әзіл сөздің қалады зіл.
Жалпылама жамандар неге керек,
Шаһбазды нағыз біздей ерім деп біл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әр жерде қадір, құрмет көрген жанмын өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Әр жерде қадір, құрмет көрген жанмын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әр жерде қадір, құрмет көрген жанмын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әр жерде қадір, құрмет көрген жанмын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері